СҚО-да 24 тонна «Artemia salina» шаянын аулағандар ұсталды
Солтүстік Қазақстан облысында 24 тонна «Artemia salina» шаянын аулағандар ұсталды. Полиция қызметкерлерінің айтуынша бұл бұрын-соңды болмаған партия. «Аrtemia salina» тұзды суда ғана тірлішік етеді. Балық өсіретін фермаларда азық ретінде және косметика өндірісі саласында пайдаланылады. Қазақстанда оны аулауға тыйым салынған. Қызылжар ауданының аумағында «КамАЗ» жүк көлігін тінту барысында 260 қап шаян жұмыртқасы тәркіленді. Тағы 242 қап Бескөл ауылында орналасқан қоймадан табылған. Күдікті ретінде Тайынша ауданының екі тұрғыны ұсталды. Олар бұған дейін бұзақылық жасағаны үшін сотталған. Браконьерлердің шаянды неліктен аулағаны тергеу барысында анықталмақ.
Мәдина Ерғалиева, СҚО ПД баспасөз хатшысы:
Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес күдіктілер 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Астана Опера» театрында Вердидің «Травиатасы» сахналанды
06.04.2026, 17:27
Биыл Алматыға 550 мың түрлі ағаш егеді
06.04.2026, 17:25
«Ауыл аманаты»: БҚО-ға ₸ 14,8 миллиард бөлінген
06.04.2026, 17:22
Алғаш рет изолейцин және лейцин өнімі шығарыла бастады
06.04.2026, 17:20
Алматыда қалдықты құрылыс материалына айналдыратын зауыт ашылды
06.04.2026, 17:17
Жамбылдық жас мамандар жұмысқа конкурссыз қабылдана бастады
06.04.2026, 17:15
Су инфрақұрылымы цифрлық жүйеге көшеді
06.04.2026, 17:12
Қостанай облысы тасқынға толық дайын
06.04.2026, 17:10