Көкшетау көшелеріндегі есірткі жарнамасы бар граффитилер өшіріліп жатыр
Көкшетауда есірткі сататын сайттарды жарнамалайтын граффитилер өшіріліп жатыр. Бүгін тұрғын үйлер мен ғимараттардың қабырғаларына жазылған он шақты кодтық сөз бен хабарлама жойылды. Бұл жұмыс әлі де жалғасады. «Нашақорлыққа жол жоқ» акциясы аясында тұрғындарға есірткінің зияны мен зардабы туралы жан-жақты ақпарат та беріледі. Былтыр өңірде есірткі жарнамалайтын 66 сайттың жұмысына шектеу қойылып, 100 парақша бұғатталды. Жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 86 қылмыс анықталған.
Ардақ Анвар, Көкшетау қалалық прокуратураның бөлім прокуроры:
Жобаның негізгі мақсаты - нашақорлықтың санын азайту, есірткі заттарын азайту. Сонымен қатар өскелең ұрпақтың дені сау болуын қамтамасыз ету. Осы мақсатта бүгінгі таңда қала аумағында бірнеше нашақорлықты жарнамалау фактілері орын алды. Осы бойынша тиісті шаралар қабылдануда.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкіметте балалардың жазғы демалысы мен инклюзивті білім беру мәселелері қаралды
31.07.2026, 20:40
«Болашақ ойындары-2026»: Баскетболдан турнир өтіп жатыр
31.07.2026, 20:30
Қазақстанның даму банкі ірі жобаларға қаржы құяды
31.07.2026, 20:23
Құрылтай сайлауына қатысатын саяси ұйымдардың үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
31.07.2026, 20:13
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті
31.07.2026, 20:11
Лудоманияға қарсы шектеулер оң нәтиже беріп жатыр
31.07.2026, 20:06
Банктердің төлем қабілетсіздігін реттеудің жаңа моделі енгізілді
31.07.2026, 20:05
Ресейге қарсы ең ірі санкциялар пакеті қабылданды
31.07.2026, 20:03