Өскеменде АЭС-те жұмыс істейтін мамандар оқытылады
Техникалық жоғарғы оқу орындары мен уран өндіретін ірі кәсіпорындар атом электр станциясында жұмыс істейтін мамандарды бірлесіп дайындамақ. Осы мақсатта шетелдің бірқатар белді университеттерімен арада меморандум бар. Сол келісімге сәйкес қазақстандық оқу орындары соңғы бірнеше жылда мамандар даярлай бастады. Ал уран таблеткаларын шығаратын кәсіпорындар жоғарғы курс студенттерін тәжірибеден өткізіп келеді. Бүгін Өскеменде осы саланың ғалымдары мен сарапшылары атом электр станциясына маман даярлау мәселесін талқыға салды. Ал станция құрылысы 10-12 жылға жоспарланған. Осы уақыт аралығында қажетті мамандарды даярлап үлгеруге болады.
Ернат Қожахметов, PhD докторы:
Біздің университеттің өзінде осы саладағы кадрларды қазірден бастап дайындайы. Курчатов қаласында Ұлттық радиолық орталық бар. Олармен бізде меморандум бар. Яғни біздің техникалық саладағы студенттер сонда барып, практикаларын өтеді. Қазақстандағы үш зерттеу реакторы бар, соның екеуі Курчатовта тұр. Сол реакторлардың бойында жұмыс істеп, өз көздерімен көріп, түртіп, біліктіліктерін арттыра алады.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12
Франция мен Испанияда 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 10:11
Атырауда екі дәрігерлік амбулатория ашылады
27.07.2026, 10:08
Түркияда үйлерді су басты
27.07.2026, 10:05
Дональд Трамп пен Си Цзиньпин кездеседі
27.07.2026, 10:03
Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымы 946 миллион долларға жетті
27.07.2026, 10:02
Қазақстан – Ресей: Логистиканың жаңа кезеңі
27.07.2026, 10:00
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07