Жас ғалымдар АЭС құрылысына қолдау білдірді
«Атом электр станциясы бой көтерсе, еліміздегі электр қуаты тапшылығы мәселесі алдағы 100 жылға шешімін табады». Түркістан облысы Нысанбек ауылында бас қосқан жас ғалымдардың пікірі осындай. Айтуларынша, бүгінде атом электр станцияларын пайдаланатын әлемнің 32 еліне дүниежүзілік экономиканың тең жартысы тиесілі. Сондай-ақ бұл мемлекеттерде жер жаһан халқының жартысы тұрады. Ал Маңғыстауда атом энергетика комбинаты 56 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Өңірді жылумен, тұщы сумен және электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырған сол комбинат. Мәжіліс төрағасы жастардың пікірін тыңдап, АЭС төңірегінде жүріп жатқан пікірталасқа жастардың араласуын қолдады.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
«Жастар рухы» еліміздегі жетекші қозғалысқа, жастардың рухын көтеретін ұйымға айналды деп мен айта аламын. Зерендіде болған кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың заман талабына сай дамуы үшін үш негізгі басымдықты айқындап берген болатын. Ол – білімге ұмтылыс, еңбекқорлық және патриотизм. Бұл бағыттар жастар қанатының алдағы даму жолының өзегіне айналды.
Қаракөз Тұрмағанбет
Автор
Қаракөз Тұрмағанбет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
8 жастағы Райан 84 кітап оқып үлгерген
19.05.2026, 20:58
9 мың бала «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып жарысты
19.05.2026, 20:56
Университет айналасына 500 түп ағаш егілді
19.05.2026, 20:55
Жарты ғасыр жөндеусіз жатқан жол пайдалануға берілді
19.05.2026, 20:12
Алғашқы әуе таксиі таныстырылды
19.05.2026, 20:10
Қазақстан авиациясы дамудың жаңа кезеңіне өтті
19.05.2026, 20:08
Президенттің шақыруымен Кения Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
19.05.2026, 20:06
«Алтын Орда - Ұлық ұлыс» деректі фильмі эфирге шығады
19.05.2026, 20:06