Паралимпиада-2024: Қазақстан алғашқы қолаға үмітті
Париж Паралимпиадасындағы алғашқы қолаға үміттіміз. Дүбірлі додада Қазақстан намысын қорғап жатқан пара таэквондошы Милана Красавцева бірер минутта жұбаныш жекпе-жегін өткізеді. 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін ол Мысыр спортшысы Сальма Әли Абдал Монем Хассанмен кездесіп, қолаға таласады. 19 жастағы пара атлет Милана Красавцева Париж төрінде К44, яғни бір немесе екі қолы бірдей зақымданған спортшылар санатында бақ сынап жатқанын айта кетейік. Сондай-ақ бүгін отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі алғашқы ойынын жарыс иелеріне қарсы өткізеді. Кездесу біздің уақытпен 23:00-ге белгіленген.
Қаракөз Тұрмағанбет
Автор
Қаракөз Тұрмағанбет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04
Қазақстан мен Корея $19 млрд-қа келісім жасады
15.09.2026, 20:02
Тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға 2-5% жеңілдетілген ипотека беріледі
15.09.2026, 20:01
Алматыда емхананы ауыстыру талаптары жеңілдетілді
15.09.2026, 19:53
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28