Президент: Сарбаздың қауіпсіздігі үшін армия басшылығы тікелей жауапты
Сарбаздың қауіпсіздігі үшін армия басшылығы тікелей жауапты. Қазақстан халқына арнаған жолдауында Президент осылай деді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы - айрықша маңызды міндет. Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы – айрықша маңызды міндет. Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен темірдей тәртіп болуы тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет.
Айдос Сарым, Мәжіліс депутаты:
Әрбір болатын факті үлкен трагедия және үлкен резонансқа тап болып жатқан дүние. Сондықтан оның тергеуі мықты болуы керек. Жауаптылар жауабын тартуы керек. Біз парламентке жақында осы күштік құрылымдардың басшыларын жинап, бұл туралы тағы да мәселе көтеріміз. Негіздерін қараймыз. Егер заңдық мәселе болатын болса заңды шығаруға әзірміз.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04