Автокөлік құрастыру кластерін дамыту қажет
Жолдауда Мемлекет басшысы автокөлік құрастыру кластерін дамыту туралы тапсырма берді. Батыс Қазақстан облысында бұл бағытта оң нәтижелер бар. Ауыл шаруашылығы техникаларын жөндейтін кәсіпорын қазір автобус шығара бастады. Бұған дейін автоцистерна, өрт сөндіру, тұрмыстық қалдықты тасу көліктерін құрастырды. Президент аймақтарда автоөнеркәсіп қарқынын сақтап, жергілікті өндіріс көлемін арттыруды баса айтты. Ол үшін мемлекеттен жан-жақты қолдау болатынын жеткізді. Астанадағы алқалы жиынға қатысып, жолдауды тыңдап келген еңбек ардагері бұл жаңалықты қуана қабылдаған.
Табылғали Сапаров, еңбек ардагері:
Ол кісі айтқан локализация деген Қазақстанның өзінің шығаратын заты молдау болуы керек деді. Зауытта 80 % локализация бар. Тек шассиді алып келеді де, көбін өздері жасап шығарады. Енді мемлекеттің келесі саясаты осылай болса, «Агрореммаш» өздері жанынан машина шығарайын деп жатыр, соған енді ықпалы тиеді ғой деген ойдамын.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Араға 70 жыл салып қазақстан жеріне амур жолбарысы жіберілді
03.08.2026, 20:30
Ойындардың трансляциясы 85 млн қаралым жинаған
03.08.2026, 20:29
«Creative Aimaq» жобасы: Абай мұрасынан - заманауи креативке
03.08.2026, 20:25
Құрылтай сайлауы жақындаған сайын партиялардың үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
03.08.2026, 20:17
Бір палаталы Құрылтайға көшу - заң шығару үдерісін бірізді етеді
03.08.2026, 20:15
Байқаушы: Құрылтай сайлауы - тарихи оқиға
03.08.2026, 20:14
Құрылтай сайлауы: 10400-ден астам учаскелік сайлау комиссиясы дайындықты бастады
03.08.2026, 20:12
Жасанды интеллект бойынша жас зияткерлер жарысы
03.08.2026, 20:02