Қызылорда студенттері жасанды интеллектімен жұмыс істейтін болады
«Қазақстан цифрландыру саласында қол жеткізген жетістіктерін еселей түсуі тиіс». Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Электронды үкімет» платформасына жасанды интеллектіні кеңінен қолданысқа енгізуді міндеттеді.
Сондай-ақ цифрлық технологияларды білім мен ғылымда қолданудың маңызы зор. Бұл бағытта Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті Оңтүстік Кореяның іргелі оқу орнымен бірлесіп, жасанды интеллект ілімін оқытуды қолға алды. Бүгінде бұл мамандықта 100-ге жуық жас білім алып жатыр. Яғни университеттен болашақта өндіріске озық ойлы технологияларды қолданысқа енгізетін мамандар түлеп шығады.
Жандос Базартай, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің проректоры:
Өте маңызды бағыттарды Президент еліміздің алдында тұрған айқындап берді. Әсіресе соның ішінде ЖОО қатысты жасанды интеллектіні дамыту мәселесі. Корея университетімен бірлескен жобамызды бастадық жұмысымызды. Енді біздің студенттеріміз екі жыл осы Қорқыт ата университетінде, екі жыл Кореяда білімін жетілдіріп осы нарыққа мықты жасанды интелектінің даярланған кадрлары боп шығады.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00