Маңғыстауда АЭС құрылысын қолдау жөніндегі Халықтық штаб құрылды
Маңғыстауда елімізде атом электр станциясы құрылысын қолдау жөніндегі Халықтық штаб құрылды. Оның құрамында саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері және қоғам белсенділері бар. Штаб мүшелері бір айдың көлемінде жергілікті мекеме-кәсіпорындарға барып, еңбек ұжымдарымен кездеспек. Осындай басқосу «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен Ақтау теңіз-сауда портында өтті. Жиында энергетика саласының мамандары Қазақстанда атом энергиясын өндіруге қатысты көпшілікті толғандырған сауалдарға жауап берді.
Марат Молдағұлов, Халықтық штаб мүшесі, атом саласының маманы:
Біз үшін әр адамның ой-пікірі, олардың ортаға салатын әңгімелері өте маңызды. Себебі, осындай кездесулерде пікірталас кезінде ортақ бір шешімге келіп, өзіміздің тарапымыздан қандай мәселелерге көңіл аудару керек екенін біліп отыратын мезеттеріміз бар. Осы мақсаттардың барлығы бүгін орындалды ғой деп ойлаймын.
Евгений Сушков, «Ақтау теңіз-сауда порты» ҰК АҚ энергетика қызметінің бастығы:
Атом электр станциясын салу «Жасыл энергетикаға» ауысудың бастапқы қадамы. Бұл ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыра түспек. Қазір Ақтау портында ірі жобалар жүзеге асып жатыр. Сол секілді ірі кәсіпорындардың келешек тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін сенімді энергия көзі қажет.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08
Қазақстанда буын тіндерін қалпына келтіру технологиясы әзірленіп жатыр
16.09.2026, 10:05
Елімізде су нысандарын жаңартуға француз технологиялары тартылады
16.09.2026, 10:04
АҚШ ғарышқа қару шығарғанын мойындады
16.09.2026, 10:03
Қытайда жанармай бағасы қымбаттады
16.09.2026, 10:02
Ресейде орман өрті өршіп, ағаш өңдеу өнеркәсібі құлдырады
16.09.2026, 10:00
ШҚО-да өртке қарсы құрылғылар орнатылып жатыр
16.09.2026, 09:59
Түркістан облысында дрон арқылы жол ережесін бұзған 100-ден астам дерек тіркелді
16.09.2026, 09:58