Түркияда қазақстандық кәсіпкерлер қауымдастығы құрылды
Түркияда қазақстандық кәсіпкерлердің тұңғыш қауымдастығы құрылды. Стамбұлда бас қосқан 40-қа жуық қазақстандық кәсіпкер осындай шешім қабылдады. Түркиядағы Қазақстан елшілігі мен Стамбұлдағы Бас консулдық бастамашы болған жиынға Түрік еліне инвестиция құйып, осы жақта ірілі-ұсақты бизнес жүргізіп жатқан кәсіпкерлер қатысты. Жаңа құрылған қауымдастық бизнес өкілдерінің өзара байланысын арттырып, шетелде кәсіп жүргізу кезінде туындаған мәселелерді бірлесе шешуге мүмкіндік бермек. Бұдан бөлек, кәсіпкерлер Түркияда оқып жатқан қазақстандық студенттерді қамқорлыққа алып, әлеуметтік жағдайы төмен шәкірттерге стипендия төлеу жайын да пысықтады.
Серік Төлеков, кәсіпкер:
Осындай жиында тәжірибемен бөлісіп, білген-көргенін түсіндіріп, ауызбіршілігіміз артса, онда қандай қиыншылық болсын, оны болсын шешу оңай болады. Арамызда жаңадан бастап келе жатқан жас балалар бар, бизнесмендер, кішігірім бизнес ашқандар бар, соларға үлгі болу, оларға көмектесу, бірге жұмыс істеу, білімдерін арттыру өте жақсы бастама деп ойлаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаяқтықтың алдын алуға арналған ауқымды іс-шара өтті
04.08.2026, 21:16
106 елден 500 оқушы келді
04.08.2026, 20:32
Пептидтік препараттар арықтауға арналмаған
04.08.2026, 20:23
Өндіріс орындарында арнайы сайлау учаскелері ашылады
04.08.2026, 20:17
Әлем жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 20:15
Әлеуметтік желідегі әдепсіздікке тосқауыл қойылады
04.08.2026, 20:14
Су инновациялары орталығы құрылады
04.08.2026, 20:13
Халықаралық сарапшылар: Құрылтай сайлауы - конституциялық реформалардың жалғасы
04.08.2026, 20:12