Шамадан тыс жүк тиеген ауыр көліктер бақылауға алынды
Шамадан тыс жүк тиеген ауыр көліктер 1 қыркүйектен бастап қатаң бақылауға алынған. Ережеге бағынбағандар айыппұл төлейді. Бұл туралы Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы Алтай Әлі айтты. Оның сөзінше, қазір елімізде 55 мыңға жуық жүк көлігі бар. Мемлекет жыл сайын автожолдарды салу мен жөндеу үшін қыруар қаражат бөліп келеді. Алайда артық жүк тиегендер ережені елемей келді. Енді олар жазаланады, деді.
Алтай Әлі, Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы:
Мемлекет жыл сайын жол сапасын жақсарту үшін жөндеу жұмыстарына миллиардтаған қаражат бөліп келеді. Алайда қазір мәселенің салдарымен емес, себебімен де күресуіміз керек. Шамадан тыс жүк тиеген ауыр көлік жөнелтушісі талапты бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады. Дәлірек айтсақ, 30-100 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылып отыр.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр
28.07.2026, 14:41
Қостанайда ауыл тұрғыны 5 мыңға жуық кітап оқыған
28.07.2026, 13:12
Қазақстандық студент АҚШ-та беделді ғылыми марапатқа ие болды
28.07.2026, 13:10
Франция мен Испанияда өртпен күреске мыңдаған маман жұмылды
28.07.2026, 13:09
Алакөл жағалауында қауіпсіздік күшейді
28.07.2026, 13:08
Алматыда үш бағытты тоғыстырған ғылыми зертхана ашылды
28.07.2026, 13:06
СҚО-да кене шаққан тұрғын дақ безгегін жұқтырды
28.07.2026, 13:06
Түркістанда қоршаған ортаны ластағандарға 65 миллион теңге айыппұл салынды
28.07.2026, 13:05