Жамбы ату туралы тарихи кітап жарық көрді
Жамбы ату туралы тарихи кітап жарық көрді. Туынды авторы этнограф-ғалым Бекен Қайратұлының айтуынша, бұл спорт түрі туралы мағлұмат тым аз. Сондықтан ол кітап жазу барысында қазақ диаспорасы көп шоғырланған Моңғолия мен Ресей елдерінде зерттеу жүргізген. Бұл елдерде тұратын қазақтардың арасында жамбы ату, яғни ат үстінде садақ ату спорты жақсы сақталған. Үш тілде жазылған туынды қазір 500 данамен басып шығарылды. Тұсаукесерге қатысқан сарапшылардың айтуынша, көшпенділер ойындары халқымыздың дәстүрлі спорт түрлерін кеңінен насихаттап жатыр. Жамбы ату да халықаралық шара кезінде еуропалық меймандарымыздың қызығушылығын тудырыпты.
Бекен Қайратұлы, кітап авторы, этнограф-ғалым:
Жамбының қазақ тұрмысындағы өнері, жауынгерлік өнері, жамбы атудың стилі, жамбыны аша бердік. Үш тілде жазылғандықтан, әлем жамбының не екенін бірінші түсініп алсын деген мақсатта жазылған. Мен бұған дейін қазақтың атбегілі туралы жаздым, жауынгерлік өнер туралы қалам тартып жүрдім. Жалпы жазуға дайын едім.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15