Павлодарлықтар тұрақты энергия өндіруді қолдайды
АЭС салуды қолдау жөніндегі Павлодар облыстық Халықтық штабы бір аптаның жұмысын қорытындылады. Түсіндірме жұмыстары 7 бағытта жалғасып жатыр. Қазірдің өзінде кездесулер 136 елді-мекенде 8 мыңға тарта тұрғындармен өткізілген. Жұмыстарды ширату үшін аймақта 13 жедел штаб құрылды. Ал бүгіннен бастап облыс орталығында фронт-офис жұмысын бастады. Себебі, көпшілік тарапынан сұрақтар көп. Ең бастысы АЭС салу энергетикалық тәуелділіктен арылу үшін қажет. Қазірдің өзінде оңтүстік өңірлерде электр қуатының тапшылығы сезіліп жатыр.
Темірболат Қасен, АЭС салуды қолдау жөніндегі облыстық халықтық штаб мүшесі:
Мынау оңтүстік өңірлерге Екібастұз МАЭС-нен беріліп тұрған электр жарығының құны тұтынушыға өте қымбат бағамен барып тұр. Жақын-жақын жерлерге осындай электр стансалары салынып жатса, ол құптарлық жағдай. Бүгінгі күні өз басым барып жүрген жерлерде осы АЭС-тың салыну іс-жоспарын қолдап отыр десем артық емес.
Болат Аманбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15