Ұлттық спортқа жасөспірімдердің қызығушылығы жоғары
Көшпенділер ойынына кіретін ат спортының түрлері Түркістан облысында қарқынды дамып келеді. Қазір аудан орталықтары мен шалғай ауылдарда аударсыпақ, көкпар, теңге ілу сияқты ұлттық ойындар үйірмелері ашылған. Келес ауданында тұратын спорт шебері Мұратбек Әшірбаев дайындық алаңының жоқтығына қарамастан балаларды өз үйінде жаттықтырып жүр.
Қоңыртөбе ауылында тұратын көкпаршы Мұратбек Әшірбаев қазір өз үйінің ауласынан жаттығу алаңын ашып, үш ауылдың отызға жуық баласын ат спортына баулып жүр. Ұлттық спорттың қыр-сырын үйретіп, болашақ чемпиондарды дайындауда. Аударыспаққа қажетті аттарды да жаттықтырушы өзі баптайды. Бастысы ауылда қара күшке ие жеткіншектер көп дейді.
Мұратбек Әшірбаев, жаттықтырушы:
Мен балаларды көкпарға, аударыспаққа дайындаймын. Одан кейін теңге ілуге дайындаймын. 15-30 балаға дейін барады. Қазір, міне 15 бала жарыста. Біздің ауылдың балдарының бәрі өте мықты балалар. Чемпиондар шығып жатыр.
Шәкірттерінің бірі – Орынбай Қайнар қазір өз салмағында чемпион. Бүгін де аудандық жарыста үш қарсыласын бірдей жеңіп, облыстық жарысқа жолдама алды. Жасөспірім алғашында күреске қатысып, қазір аударыспақпен айналысады.
Орынбай Қайнар, жас спортшы:
Адаммен алысасың. Аттан құлайтын сәттер болады. Осы жылы төрт жарысқа бардым. Екеуінде орын ала алмадым. Екеуінде бірінші орын алдым.
Қазір Келес ауданы бойынша сегіз аулдық округтен ұлттың спорт үйірмелері ашылды. Бес жүзге тарта бала көкпар мен аударыспақтан бөлек асық ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресімен жаттығуда. Мамандар ұлттық спортқа жасөспірімдердің қызығушылығы жоғары дейді.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06