«Жайлы мектеп» жобасы аясында тағы бір білім ошағы пайдалануға берілді
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған тағы бір білім ошағы пайдалануға берілді. Целиноград ауданына қарасты Қараөткел ауылында бой көтерген ғимарат 1200 балаға арналған. Заманауи жабдықталған ІТ мектеп-лицейіне 5 пен 8 сыныптардың арасынан 83 бала іріктеліп алынды. Өтініш бергендердің саны - 160. Мектептің ашылу рәсіміне Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха қатысты.
Толғанай Сейдәзімова, мектеп директоры:
Жалпы мектеп ІТ болғандықтан, 5-сыныптан бастап қосымша компоненттермен жұмыс жасаймыз. Ол жерде 5-сыныпта инженерия бойынша оқытамыз, 6-сыныпта компьютерлік дизайн, мобильдік қосымшаларды жасауды оқытамыз. 7-8-сыныптарда жасанды интеллект және дрондармен жұмыс жасау сияқты курстардан өткіземіз.
Балнұр Мұратбай, 8-сынып оқушысы:
Осы «Жайлы мектепте» бүкіл зат қамтамасыз етілген, робототехника сияқты кабинеттер бар, мұнда әртүрлі роботтар істеуге, үйренуге болады.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17