Сенаторлар референдумға дайындық барысын талқылады
Сенаторлар референдумға дайындық барысын талқылады. Жоғары палата төрағасы Мәулен Әшімбаев Бюро отырысында Халық штабының қызметіне сенат депутаттары да белсенді қатысып, өңірлерге баратынын айтты. Олар халықпен кездесіп, референдумның мәнін және атом электр стансасын салудың маңызды екенін түсіндіреді деді. Сондай-ақ бюро отырысында алда өтетін Жоғарғы палатаның күн тәртібі нақтыланды. Депутаттар елдегі мопед жүргізушілеріне қойылатын жаңа талаптар туралы заң жобасын қарайды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті сенатының төрағасы:
Энергия көздерін әртараптандыру үшін де атом энергетикасын дамытуымыз керек. Еліміз үшін стратегиялық шешімдер десек артық болмайды. Бұл мәселені Президентіміз референдумға шығарып отыр. Өйткені бұндай страгегиялық мәселелерді халық өзі дауыс беру арқылы шешуі керек. Шешім қабылдау керек.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15