Сауалнама қорытындысы: 59,2% респондент референдумда дауыс беруге дайын
ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысымен «Демократия институты» қоғамдық бірлестігі АЭС құрылысына қатысты зерттеу жүргізді. Сауалнамаға 18 жастан асқан 8 мың респондент қатысты. Олардың 59,2 пайызы дауыс беруге қатысуға дайын екенін білдірген. Әрбір бесінші респондент әлі түпкілікті шешім қабылдмағанын көрсеткен. Бірлестік өкілінің дерегінше, жалпы қазақстандықтардың 60,2 пайызы Қазақстанда атом электр стансасын салу идеясына оң көзқарас білдірген. Мұның алдында тамызда жүргізілген сауалнамамен салыстырғанда АЭС салу идеясын қолдаушылар саны 53,1 пайыздан 60,2 пайызға өскені байқалады.
Сандуғаш Қасымсеитова, «Демократиялық институт» қоғамдық бірлестігінің өкілі:
Қазақстанның 17 облысында, соның ішінде республикалық маңызы бар Астана, Алматы, Шымкент қаласында сауалнама өткізілді. Сауалнама барысында планшет құрылғысын қолдандық. Онда белгіленген сұрақтар қойылып, респонденттердің жауабын алуға тырыстық. Қазақстанда атом электр станциясын салудағы негізгі алаңадатын сұрақ бар ма деген сұрақ болды. Олар денсаулыққа әсері деп белгіледі.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15