Түркі әлемінің ортақ әліпби үлгісі жарияланды
Түркі әлемінің ортақ әліпби үлгісі жарияланды. 34 әріптен тұратын үлгі Бакуде өткен Түркі әлеміне ортақ әліпби комиссиясының үшінші отырысында таныстырылды. Сондай-ақ осы жиында «Ортақ түркі әліпбиі декларациясы» жарияланды. Декларация латын графикасына негізделген. Онда тілдердің ерекшеліктерін ескере отырып, бір фонемаға бір әріп қағидасы қолданылған. Комиссияның бұл шешімі Түркі мемлекеттері ұйымына мүше және бақылаушы мемлекеттердің тиісті мекемелеріне ұсыныс ретінде таратылмақ.
Дархан Қыдырәлі, Сенат депутаты:
Бұл қазір әзірше ортақ әліпби. Ешқандай мемлекеттің әліпбиі емес. Егер Қазақстан осы әліпбиді бірінші қабылдаса, онда Қазақстанның әліпбиі болашақта жалпы түркі кеңістігінің ортақ әліпбиі болуы мүмкін. Мысалы бұл әліпбидегі 5 әріп Түркияның қазіргі әліпбиінде жоқ. Олар түбінде қабылдауы мүмкін. Бірте-бірте осы ортақ әліпбиге келуі мүмкін. Ол әр мемлекеттің өзінің таңдауы әрине өзінің тілдік заңдылықтарына сәйкес.
Оңғар Алпысбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13