Сарапшы: Жолдау жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
Жолдауында қамтылған басым бағыттар Қазақстан мен бауырлас өзбек елінің қарым-қатынасын одан әрі нығайтуға жаңа мүмкіндік ашады. Өзбекстандық сарапшылар осыны айрықша атап өтті. Бұған дейін қалыптасқан мемлекет және үкімет басшылары деңгейіндегі тығыз байланыс қос елдің арасын жақындата түсті. «Қазақстанда түбегейлі әрі нәтижелі өзгерістер орын алып келеді. Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жүйелі жолға қойылған. Жергілікті әкімдерді сайлау ісі сәтті жүзеге асып жатыр. Билік пен халық арасындағы байланысты бекемдей түсу бағытындағы істер де баршылық дейді олар.
Равшан Назаров, Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясы Мемлекет және құқық институтының аға ғылыми қызметкері:
Жолдауда көтерілген мәселелер аса өзекті. Соның ішінде маған айрықша ұнағаны мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру мен азаматтардың қаржылық сауатын арттыру жайы болды. Қазақстандағы ауқымды реформалар қоғам өміріне елеулі өзгеріс енгізіп, нәтиже бере бастағанын байқамау мүмкін емес.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
90-ға келсе де кітапханадан шықпайтын қария Қарағанды облысында тұрады
10.08.2026, 17:39
Абай мұрасын насихаттаудың жаңа тәсілдері қолға алынбақ
10.08.2026, 17:38
Абай күні Алматыда ауқымды шара өтті
10.08.2026, 17:37
Абай күні: Әр аймақта ұлы ақынды ұлықтады
10.08.2026, 17:33
Алматыда сейсмоорталықтың жаңа ғимараты ашылды
10.08.2026, 17:30
Сеул мен Вашингтон ауқымды әскери жаттығу өткізбекші
10.08.2026, 17:27
Италия ыстықтан зардап шегуде
10.08.2026, 17:25
Каспий теңізіне дизель отыны төгілген
10.08.2026, 17:20