Түркияда ковидтің жаңа түрі тарала бастады
Түркияда коронавирустың жаңа ХЕС (икс е си) варианты тарала бастады. Бұған дейін Ресей мен Еуропа елдерінде ғана кездескен вирус Түркияда да көбейіп келеді. Әсіресе мектептер мен университеттерде сабақ басталғалы тұмаудың бұл түрімен ауыратындар саны артқан. Дегенмен мамандар әзірге дабыл қағып, карантин жариялайтындай қауіп жоқ деп отыр. Әдетте күз айларында көбейетін басқа да жұқпалы тұмау аурулары сияқты коронавирустың бұл түрі де осы маусымда артып, кейінірек басылады деген пікірде. Дегенмен жасы ұлғайған кісілер мен созылмалы науқасқа шалдыққан адамдардың вакцина алғаны жөн дейді дәрігерлер.
Синем Илиаз, дәрігер:
Бұл вирустың бір ерекшелігі – ең алдымен тыныс жолдарын бітейді. Дегенмен өкпе қабынуы өте сирек болады. Коронавирустың жаңа түрлері бұрынғыларына қарағанда тезірек тарайды. Сондықтан әрдайым қол жуып, үйдің ауасын тазартып, көпшілік орындарды маска тағып жүру арқылы вирустан сақтанған жөн.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Қазақстан шахматшылары бесінші рет жеңіске жетті
21.09.2026, 17:38
Түркістан облысында бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөлінген
21.09.2026, 17:33
Астанада Олимпиада жүлдегерлері ағаш екті
21.09.2026, 17:30
Биыл ШҚО-да 6 млн-нан аса көшет еккен
21.09.2026, 17:27
Халал өнім өндірісі мен экспорты артып келеді
21.09.2026, 17:25