Жапонияның жаңа Премьер-Министрі тағайындалды
Жапонияның жаңа премьері тағайындалды. Енді ел үкіметін Сигэру Исиба басқарады. 67 жастағы саясаткер Либералдық-демократиялық партия басшылығына өткен сайлауда жеңіске жетті. Ол бұған дейін елдің Қорғаныс министрі болған. Парламенттің кезектен тыс сессиясынан кейін жаңа министрлер кабинетінің құрамы таныстырылады. Кейін император сарайында Исибаны ұлықтау салтанаты өтеді. Жапон үкіметін бұған дейін Фумио Кисида басқарды. Ал жаңа премьердің алдында Либералдық-демократиялық партияның саяси жанжалдардан нұқсан келген беделін қайта көтеру міндеті тұр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада фиджитал-футбол жарысы өтіп жатыр
04.08.2026, 13:22
Алматыда қалдықтарды сұрыптауға арналған цифрлық платформа іске қосылды
04.08.2026, 13:20
Оралда жазасын өтеушіден пара алған лауазым иесі сотталды
04.08.2026, 13:17
Семейде ескі стадионнан адам мүрдесі шықты
04.08.2026, 13:15
Ресей Мароккодан 30 мың тонна бензин алған
04.08.2026, 13:12
Оңтүстік Кореяда ыстықтан 16 адам қайтыс болды
04.08.2026, 13:10
Еліміздің басым бөлігінде күн бұзылады
04.08.2026, 13:07
ОСК төрағасы байқаушылармен кездесті
04.08.2026, 13:05