ІІМ: Референдум кезінде тәртіп бұзу деректері тіркелген жоқ
Референдум кезінде тәртіп бұзу деректері тіркелген жоқ. Бұл жайында Ішкі істер министрлігінің өкілі Шыңғыс Алекешев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. Қоғамдық тәртіп бұзылған жағдайда, учаске қызметкерлері әуелі Ішкі істер органдарына хабарлауы тиіс.
Ал олар жергілікті прокуратураға өтініш жолдайды. Жалпы бүгін құқық қорғау органдары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Ел бойынша 33 мыңға жуық полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылған. Референдум учаскесіндегі тәртіпке 18 мың полицей жауапты.
Шыңғыс Әлекешев, ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі:
Құрметті азаматтар, Ішкі істер министрлігі ел тұрғындары мен қонақтарын заңды сақтауға, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырады. Қоғамдық тәртіп бұзылған жағдайда ішкі істер органдарының кезекші бөлімдеріне немесе «102» арнасына хабарлау қажет.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08