Түркістан облысында ауыл халқы референдумда белсенділік танытуда
Түркістан облысында таңғы жетіден бастап 17 аудан-қала бойынша 945 референдум учаскесі ашық тұр. Қазір бізбен осы өңірден тікелей байланысқа тілшіміз Айнұр Әбілқасымқызы шығып тұр.
Айнұр Әбілқасымқызы, тілші:
Халық саны тығыз орналасқан Түркістан облысында бүгін дауыс берушілер өте белсенді десек болады. Қазір біз Кентау қаласына қарасты Байылдыр ауылындағы референдум учаскесінде тұрмыз. Мұнда таңғы жетіден бастап ауыл тұрғындары атпен, жаяу келіп дауыс беруде. Ауылдың әжелері де келіп, өз таңдауларын жасады. Қазір менің жанымда әжелер алқасының төрайымы Оңласын Рысқұлова апамыз тұр. Апа бір топ әжелер болып дауыс беріп жатыр.
Өңірде жалпы 1 млн 180 мыңнан астам тұрғын дауыс беру құқығына ие. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, сағат онға дейін 220 мыңға тарта тұрғын дауыс берген. Аудандардың арасынан Отырар, Түлкібас, Шардара аудандары мен Түркістан қаласының тұрғындары белсенділік танытуда.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17