Ресейде отандастарымыз референдумға қатысты
Ресейдегі отандастарымыз да дауыс беруге қатысып жатыр. Қазақстан елшілігінде, бізбен тікелей байланысқа Мәскеудегі № 397 дауыс беру учаскесінен тілшіміз Индира Бегайдар шығып тұр.
Индира Бегайдар, тілші:
№ 397 дауыс беру учаскесі Мәскеудегі Қазақстанның елшілігінде орналасқан. Таңғы жетіде ашылды. Сол уақыттан бері келіп, өз таңдауын жасап жатқан отандастар көп. Мұнда ыстық бауырсақтан, тәттіден дәм татуға болады. Ал учаске жұмысы барлық талапқа сай ұйымдастырылған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да бар жағдай жасалған. Тіпті отбасымен келіп, дауыс беріп жатқандар да бар.
Мәскеуден бөлек, Қазан, Санкт-Петербург, Омбы және Астрахань қалаларында да дауыс беру учаскелері ашылды. Бұл өңірлерде Қазақстанның бас консулдықтары жұмыс істейді. Көрші елдегі дауыс беру туралы қосымша ақпаратты алдағы хабарларымызда баяндаймыз.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкімет Конституцияны ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті
06.04.2026, 20:59
Елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
06.04.2026, 20:57
Алматылықтардың 40 пайызы жыл сайын маусымдық аллергиямен күреседі
06.04.2026, 20:54
Шымкентте су арналарының айналасы қоқысқа толы
06.04.2026, 20:52
Семейде «Келешек мектептері» жобасы аясында білім ошағы ашылды
06.04.2026, 20:49
«SuperStar KZ» – Ақтауда
06.04.2026, 20:44
Азия чемпионаты: Төрт боксшымыз финалға шықты
06.04.2026, 20:41
Доллар бағамы 466 теңгеге дейін түсті
06.04.2026, 20:15