Атырауда байкерлер өз таңдауларын жасады
Атырауда байкерлер де дауыс берді. Олар референдум - демократиялық реформаларға бет бұрғанның көрінісі деп санайды. Сондықтан әр тұрғынның дауысы маңызды. Жалпы Атырау облысында халық референдумға белсенді түрде қатысып жатыр. Қазіргі уақытта тұрғындардың 53 пайызы дауыс беріп үлгерген.
Бақтыбек Таубаев, қала тұрғыны:
Ата-бабаларымыз біздің еркіндігіміз үшін күресті. Ал біз еліміздің, қазақ елінің ірі болуы үшін күресеміз. Сол үшін елімнің болашағы дәулетті, сәулетті, жаңа қоғам орнату жолында үлесімді қоса отырып, осы дауысымды бердім.
Ал Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауылының тұрғыны Жұмағұл Молдабеков дауыс беру учаскесіне дейін 6 шақырым жүгіріп келген. Таңмен таласып тұрып, күнді Қыраттың басынан қарсы алуды әдетке айналдырған ол, сағат 7-де учаскеге келіп, өз таңдауын жасады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкімет Конституцияны ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті
06.04.2026, 20:59
Елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
06.04.2026, 20:57
Алматылықтардың 40 пайызы жыл сайын маусымдық аллергиямен күреседі
06.04.2026, 20:54
Шымкентте су арналарының айналасы қоқысқа толы
06.04.2026, 20:52
Семейде «Келешек мектептері» жобасы аясында білім ошағы ашылды
06.04.2026, 20:49
«SuperStar KZ» – Ақтауда
06.04.2026, 20:44
Азия чемпионаты: Төрт боксшымыз финалға шықты
06.04.2026, 20:41
Доллар бағамы 466 теңгеге дейін түсті
06.04.2026, 20:15