Люксембургтегі жерлестеріміз Бельгияға барып дауыс беруде
Еуропадағы қазақстандықтар да референдумға белсене қатысып жатыр. Бельгиядағы Қазақстан елшілігінде орналасқан №373 учаскеде дауыс беруге 200-ге жуық Қазақстан азаматы тіркелген. Дені студенттер және осы мемлекетте жұмыс бабымен, отбасылық жағдайына байланысты тұрып жатқан қазақстандықтар. Олар қоғамдық маңызды мәселеге үн қосып, белсенділік танытуда. Люксембургте оқитын, жұмыс істейтін жерлестеріміз де Брюссельдегі елшілікке барып, өз таңдауларын жасап жатыр.
Алима Елдес, студент:
Мен Люксембургте магистратурада оқимын. Бельгияға Люксембургтен дауыс беру үшін арнайы келдім. Қазір мен киберқауіпсіздік мамандығы бойынша оқып жатырмын. Болашақта осы салада жиған еуропалық тәжірибемді елімнің пайдасына жаратып, киберқауіпсіздік саласын дамытсам деймін.
Салтанат Әбиболла, Брюссель қаласының тұрғыны:
Мен өзімнің азаматтық борышымды орындау үшін осы елшілікке келдім. Бельгия мемлекетіндегі Қазақстан елшілігі. Елімізде жүрмесек те, азаматтық борышымызды орындау үшін үлесімізді қосып жатырмыз. Елімізде әрқашанда бейбітшілік болсын, болашағамыз жарқын болсын.
Н.Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін Әлем біріншілігінің жеребесі тартылады
05.12.2025, 21:27
Ақтөбеде ұлттық дәстүрлерді ұлықтаған этнофестиваль өтіп жатыр
05.12.2025, 20:36
«Медиадиалог» сарапшылар клубы құрылды
05.12.2025, 20:33
Жылдың үздік волонтерлері анықталды
05.12.2025, 20:30
Концерт өткізу кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салынды
05.12.2025, 20:28
Дипломдардың деректер базасы құрылды
05.12.2025, 20:26
Сиыр етін экспорттауға жыл соңына дейін квота енгізілді
05.12.2025, 20:21
Ауыл шаруашылығы өнімдері терең өңделе бастайды
05.12.2025, 20:20