Ел азаматтарының 57,68% дауыс берді
Еліміз бойынша дауыс беруге құқы бар азаматтардың 57,68 пайызы өз таңдауын жасады. Яғни, дауыс беруге құқылы 12 млн-нан астам халықтың 7,62 млн-ға жуығы референдумға қатысқан. Бұл орталық референдум комиссиясының сағат 16.00-де берген мәліметі.
Алдын ала деректерді есептеу бойынша, Қызылорда облысының тұрғындары белсенді. Өңір халқының 76,15 пайызы дауыс берген. Одан кейін Түркістан облысы тұр. Ақтөбе мен ШҚО-да референдум учаскесіне келіп, бюллетень алған азаматтар көп. Бұл өңірлерде халықтың 65 пайыздан астамы дауыс берген. Ал белсенділігі ең төмен алматылықтар екен. Қала жұртының 20.57 пайызы ғана өз таңдауын жасады. Орталық референдум комиссиясы әр екі сағат сайын мәліметтерді жаңартып отырады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкімет Конституцияны ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті
06.04.2026, 20:59
Елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
06.04.2026, 20:57
Алматылықтардың 40 пайызы жыл сайын маусымдық аллергиямен күреседі
06.04.2026, 20:54
Шымкентте су арналарының айналасы қоқысқа толы
06.04.2026, 20:52
Семейде «Келешек мектептері» жобасы аясында білім ошағы ашылды
06.04.2026, 20:49
«SuperStar KZ» – Ақтауда
06.04.2026, 20:44
Азия чемпионаты: Төрт боксшымыз финалға шықты
06.04.2026, 20:41
Доллар бағамы 466 теңгеге дейін түсті
06.04.2026, 20:15