АҚШ-та үш дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр
АҚШ-та уақыт айырмашылығына байланысты дауыс учаскелері енді ашылып Қазақстан азаматтары таңдауын жасай бастады. Қазір бізбен ел астанасы Вашингтоннан меншікті тілшіміз Жалғас Сәдібекұлы байланыста.
Жалғас Сәдібекұлы, тілші:
Вашингтонда қазір сағат таңғы тоғыз. Себебі, Астана тоғыз сағат алда. Яғни біз тұрған Қазақстан елшілігіндегі дауыс беру учаскесінің ашылғанына тура екі сағат болды. Демалыс күніне қарамай, таңмен таласа келіп дауыс беріп жатқандар бар. Вашингтонмен қатар қазақтар көп шоғырланған Нью-Йоркта да дауыс беру учаскесі ашылды. Жалпы, АҚШ-та үш дауыс беру учаскесі бар.
Сан-Франсиско қаласында орналасқан үшінші учаске Қазақстандағы дауыс беру тоқтайтын кезде яғни, Астана уақытымен кешкі сегізде ашылады. Себебі, Қазақстанмен арада туралы 12 сағат айырмашылық бар. Соған сай әлем бойынша ең соңғы болып АҚШ-тағы осы учаске жабылады. Жалпы ұзын саны 400-дей адам дауыс беруі мүмкін. Оның ішінде осы елде уақытша тұрып жатқандар, жұмыс бабымен келген азаматтар, білім қуып жүрген студенттер және елшілік қызметкерлері бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін Әлем біріншілігінің жеребесі тартылады
05.12.2025, 21:27
Ақтөбеде ұлттық дәстүрлерді ұлықтаған этнофестиваль өтіп жатыр
05.12.2025, 20:36
«Медиадиалог» сарапшылар клубы құрылды
05.12.2025, 20:33
Жылдың үздік волонтерлері анықталды
05.12.2025, 20:30
Концерт өткізу кезінде фонограмма пайдалануға тыйым салынды
05.12.2025, 20:28
Дипломдардың деректер базасы құрылды
05.12.2025, 20:26
Сиыр етін экспорттауға жыл соңына дейін квота енгізілді
05.12.2025, 20:21
Ауыл шаруашылығы өнімдері терең өңделе бастайды
05.12.2025, 20:20