Халықаралық байқаушы: Референдум жоғары деңгейде өтіп жатыр
«Республикалық референдум жоғары деңгейде өтіп жатыр». Астанаға келген шетелдік байқаушылар бүгінгі науқанға осылай баға берді. Олардың айтуларынша, таңнан бері бірнеше учаскеде болған. Қала тұрғындары бұл науқанның маңызды екенін түсініп, белсенді қатысып жатыр дейді. Сондай-ақ, көпшілігі отбасымен келіп, үлкен қызығушылық танытуда. Комияссия мүшелері де тас түйін дайын келген.
Ираклий Хорбаладзе, халықаралық байқаушы:
Таңнан бері 5-6 дауыс беру учаскесінде болдық. Кешке дейін дәл солай бірнеше учаскеге барамыз. Бұған дейін 60 елде байқаушы болды. Қазақстанда, менің байқағаным, референдум жоғары деңгейде өтіп жатыр. Әсіресе, халық белсенді. Бәрінде мерекелік көңіл-күй.
Дональд Палмер, АҚШ-тың сайлауға жәрдемдесу жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары:
Қоғамдық науқан расында өте жақсы өтіп жатыр. Бірегей көзқарас деуге болады. Тұрғындар болашақта бұл Атом электр станциясының керек болатынын және оның құрылысы маңызды екенін түсінеді. Дауыс берушілердің құқығы сақталуда. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да дауыс беру учаскелерінде барлық жағдай жасалған. Азаматтар үшін кез-келген ақпарат қолжетімді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкімет Конституцияны ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті
06.04.2026, 20:59
Елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
06.04.2026, 20:57
Алматылықтардың 40 пайызы жыл сайын маусымдық аллергиямен күреседі
06.04.2026, 20:54
Шымкентте су арналарының айналасы қоқысқа толы
06.04.2026, 20:52
Семейде «Келешек мектептері» жобасы аясында білім ошағы ашылды
06.04.2026, 20:49
«SuperStar KZ» – Ақтауда
06.04.2026, 20:44
Азия чемпионаты: Төрт боксшымыз финалға шықты
06.04.2026, 20:41
Доллар бағамы 466 теңгеге дейін түсті
06.04.2026, 20:15