Еуропадада референдум учаскелерінің жабылуына 2 сағат қалды
Еуропада елдеріндегі референдум учаскелерінің жабылуына 2 сағат уақыт қалды. Соңғы сағаттарда Бельгиядағы қазақстандықтар белсене дауыс беріп жатыр. Референдум учаскесі Брюссель қаласындағы Қазақстан елшілігінің ғимаратында орналасқан. Қазір сол жерден тілшіміз Нұрсұлу Қасым бізбен байланысқа шықты.
Нұрсұлу Қасым, тілші:
Бельгиядағы отандастарымыздың көңіл-күйі көтеріңкі. Өйткені, әдетте жаңбырдан жер құрғамай, үнемі түнеріп тұратын Брюссельдің аспаны бүгін шайдай ашық. Қазақстандықтар сайлау учаскесі ашылған таңғы сағат 7-ден бері белсенділік танытуда. Дауыс беруге жерлестеріміз Брюссельден 100, 200 шақырым жердегі қалалардан, көршілес Люксембург мемлекетінен келіп жатыр. Жастар өте белсенді.
Алдияр Әлиев, "KU Leuven" университетінің студенті:
Мен 18 жасқа толып осы жерге бірінші рет дауыс беруге келіп жатырмын. Осы елде мен бизнес инженер мамандығында университетінде оқып жатырмын. Сол факультеттен алған білімімді, Қазақстанның болашақтағы дамуына қосқым кеп тұр.
Уәлихан Бахретдинов, «Ұланғайыр дала елі» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:
Референдумға қатысу әр азаматтың борышы. Шетелде, қырда жүрсек те, елдіктің мәселесі шешіліп жатқанда жұмыла көтеріп, әр Қазақстанның азаматы қазағымыздың сырттағы ордаларына келіп, өз дауысын беруі абзал.
Бельгиядағы елшілік референдумға келген қандастарымызға арнап, кең дастархан жайған. Елді сағынған жерлестеріміз ұлттық тағамдардан дәм татып мәре-сәре болып жатыр. Бүгін осы жерден дауыс беруге 200-ге жуық азамат тіркелген.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарт бағбан жыл сайын 100 мыңға жуық ағаш көшетін өсіреді
03.04.2026, 20:58
300 жылға жуық тарихы бар Дат корольдік театрының гала-концерті өтеді
03.04.2026, 20:55
Ертең «SuperStar KZ» жобасының кастингі басталады
03.04.2026, 20:55
Қос боксшы жартылай финалға жолдама алды
03.04.2026, 20:53
Петропавлда республикалық командалық айтыс өтті
03.04.2026, 20:51
Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге рұқсат берілуі мүмкін
03.04.2026, 20:19
Жаппай рейд: Жол тәртібі сын көтермейді
03.04.2026, 20:16
Электрлі самокаттардың тротуармен жүруіне тыйым салынуы мүмкін
03.04.2026, 20:16