ДСМ: Қазақстанда Марбург вирусын жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ
Қазақстанда Марбург вирусын жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Жарқанаттар арқылы адамға жұғатын жаңа қауіпті вирустың емі жоқ. Аурудың негізгі ошағы – Африка елдері. Нақтырақ айтсақ, Габон, Судан, Конго Демократиялық Республикасы, Либерия, Гвинея, Кения және Руанда аумағы. Дәрігерлер бұл елдерге баратындардың барлығына сақтанып жүруді қатаң ескертеді. Ресми дерек бойынша, Руандада 36 адам қауіпті вирусты жұқтырып, оның 11-і қайтыс болған. Елімізде сақтық шаралары күшейтілді. Халықаралық әуежайлар мен шекара бекеттерінде санитариялық-карантиндік бақылау жүріп жатыр.
Сархат Бейсенова, ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы:
Симптомдарға дене температурасының күрт көтерілуі, қатты бас ауруы және бұлшықеттер ауруы жатады. Үшінші күні диарея, іш ауруы сосын құсу болуы мүмкін. Өлім жағдайлары 8-9 күні болады. Оның алдында қатты қан жоғалту және естен тану болады.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ДДҰ басшысы Қазақстандағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру бастамасын қолдады
31.10.2026, 16:21
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17