Жамбыл облысында егіс алқабында жастар жер жыртып жарысты
Егіс алқабында ел жастары трактор жүргізіп, жер жыртып жарысты. Тіпті бұл бәйгеге көрші мемлекеттердің де жастары қатысып, жарыстың көрігін қыздырды. Механизатор мамандардың егістіктегі ерекше сайысын Тараздағы тілішіміз Данияр Әлімқұл көріп қайтты.
Меркі ауданының егіс даласында ерекше жарысқа түскен жастардың қабілеті алдымен соқаны тракторға тіркеу тәсілдері мен қауіпсіз ажырату бойынша бағаланды. Артынша бір шақырым жерді терең әрі түзу жырту бойынша сайысты. Олардың қатарында Өзбекстан, Қырғызстан, сондай-ақ еліміздің бірнеше облысынан келген жас механизаторлар бар.
Данияр Әлімқұл, тілші:
Трактор тақымдағандар жер жыртып, алқапқа соқа салуда аянып қалмады. Шабындық шөбін баулаудан да барын салды. Ал арнайы техника арқылы танаптарға тыңайтқыш себуден жарысқа түсіп жатыр.
Қатысушылардың дені техникалық мамандықтарды оқытатын колледж студенттері. Олар осы жарысқа қатысу үшін агро салаға арналған бірнеше техниканы бір жылда үйреніп алған.
Диас Сумидинов, жарысқа қатысушы /Қырғызстан/:
W 550 комбайнын айдадым, біріншіден жаткасын елеп, мұны көп айдамағандықтан, орташа тапсырып шықтым. Былтыр келгенде үшінші орын алып кеткем, биыл бірінші орын аламын деп үміттенемін.
Трактор тізгіндеп, комбаин жүргізуде көпке белгілі мықты маман Әсел Рақаеваны да көрдік. Ол бұл жолығы бәсекеге бірнеше шәкіртін баптап келген.
Әсел Рақаева, ұстаз:
Осындай жарыстардың жиі болғаны шәкірттерімнің шыңдалуына үлкен үлесін қосады. Комбайнды да, тракторды да үйреткеніме өте қуаныштымын.
Ал ұйымдастырушылар жарыстың жоғары деңгейде өтуіне Президенттің келер жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялауы сеп болды дейді. Өйткені жастардың өз мамандықтарына деген құлшынысы артқан.
Рауан Садырқұлов, Облыстық білім басқармасының басшысы:
Өзбекстан, Қырғызстан елінен келген үміткерлеріміз де өз ісінде осал емес екендерін көрсетіп отыр. Дегенмен біздің отандық мамандарымыз да ешкімнен кем қалмайтындығын, өз ісінің мамандары екендерін көрсете білді.
Қатысушылар ашық аспан астында ас ішіп, концерт те көрді. Сабан той секілді өткен жарыста жамбылдықтар 1-ші орын, Батыс Қазақстан мен Түркістан облысы 2 орын еншіледі. Ал қалған қатысушылар үздік үштікті түйіндеді.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00