Елімізде бидай бағасы белгіленді
Күзгі жиын-терім науқаны аяқталуға жақын. Биыл қамбаға 19 миллион тоннадай бидай жиналған. Дәнді-дақылдың құнын Азық-түлік келісімшарт корпорациясы бекітті. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Мәрлен Оспанов айтты.
Бидайдың сортына қарай бағасы тоннасына 100 мың теңгеге дейін барады. Ведомство мәліметінше, дәнді-дақылдар егілген 16,7 миллион гектар жердің 97 пайызы орылған.
Мәрлен Оспанов - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі егіншілік департаментінің басқарма басшысы:
Бидайдың үшінші сыныптағы клейковина дейміз ғой 23 пайыздан жоғары болса 85 мың теңге, 27 пайыздан жоғарысы 100 мың теңге. Баға бекіді, бүгінгі нарықта өте жақсы баға деп ойлаймыз. Сонымен қатар, қазір жан-жақты қарастырылуда бидайдың 4-сыныпты және 5-сыныпты және арпа дақылдарына бағаны бекіту жұмыстары жалғасып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13