Таразда мәслихат депутаттары біліктілігін арттыру үшін дәріс алды
Жамбылда мәслихат депутаттары біліктілігін арттыру үшін оқу семинарына қатысты. Президент жуырда өткен форумда «Партиялар мәслихаттағы өз депутаттарының біліктілігін жетілдіру керек» деді. Сондықтан бұл бағыттағы жиынға Қызылорда, Түркістан облысы мен Шымкент қаласының партия активі келді. Оларға халықпен қалай жұмыс істеу керектігі түсіндірілді. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үрдістері, саяси жұмыстардың жергілікті жерде жүзеге асырылуы бойынша лекциялар оқылды. Айта кетейік, алғашқы семинар Орал қаласында өткен болатын. Енді еліміздің үш өңірінде жалғаспақ.
Серік Егізбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Депутаттарымыз мәслихаттардың сессияларына барады. Әрине, жергілікті атқарушы органдарға сұрақ қою керек. Депуттатық сауалдар болады. Оның да өзінің саяси тәсілдері бар. Соны қалай ұйымдастыру, тіпті қалай жазу, қалай жариялау, жариялап болғаннан кейін нәтиже болу керек, оны қалай қадағалау керек, мұның бәрі саяси тәсілдер, соның бәрін үйретеміз.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00