Оралда сусорғы станциясы іске қосылды
Оралда құрылысы үш жылға созылған сусорғы станциясы іске қосылды. Әлеуметтік нысан қаланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі жаңа шағын аудан тұрғындарын сумен қамтиды. Дәлірек айтқанда жоғары қабаттағы пәтерлерге суды қысыммен жібереді. Станция сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарының бақылауында болды. Бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуы мен құрылыс барысы қадағаланды. Агенттіктің аймақтағы департаменті мұнымен қоса тағы төрт проблемалық нысанға мониторинг жүргізіп жатыр. Жобалардың жалпы құны 11,2 млрд теңге.
Мұратбек Қасымов, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаменті басшысының І орынбасары:
Бұл сорғы стансасының жұмысы 2022 жылдың І тоқсанында аяқталуы керек болатын. Бірақ мердігердің дұрыс жұмыс істемеуінен ұзаққа созылып кетті. Сол себептен обьектінің әлеуметтік маңызы бар екенін біле отырып, бақылауға алғаннан кейін құрылысы алға жылжыды.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12