Ақмола облысында үш ауылға ауыз су құбыры тартылды
Ақмола облысының Бұланды ауданына қарасты үш ауыл орталықтандырылған су желісіне қосылды. Елдімекендерге ұзындығы 40 шақырымнан асатын жаңа құбыр тартылды. Бұған қазынадан 2 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалған.
Келер апта тағы бір елдімекенге су беріледі. Оған қоса, қазір төрт ауылға су тазарту қондырғысы орнатылып жатыр. Биыл өңірде ауылдарды тіршілік нәрімен қамтамасыз ету бағытында 65 жоба жүзеге асты. Елдімекендердің 96 пайызы сапалы ауыз сумен қамтылмақ.
Розагүл Көкейхан, ауыл тұрғыны:
Ауылымызға су келіп, қуанып жатырмыз. Осыдан артық не керек? Су ғой бізде ең бастысы. Алдында өзіміз құдық қазып алып, кішкене тұзды болып, Макинкадан тасып ішіп отырғанбыз. Енді қазір су келіп, шүкір деп жатырмыз. Ақырын-ақырын осылай өркендейді ғой ауылымыз.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13