Мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен ғимараттар салынады
Президент тапсырмасы бойынша мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен еліміздің екі облысында әлеуметтік нысандар салынады. Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Түркістан облысының Темірлан аулында 890 млн теңгеге музыка мектебінің құрылысы басталады.
Сәуле Әбішева, өнер мектебінің мұғалімі:
Жаңа ғимарат салады деп қуантып жатырсыздар, сол жерден одан да үлкен түлектер көбейеді деген сенімдеміз. Бізге заманауи үлгіде, типтік үлгіде болса дейміз.
Ақмола облысының Зеренді ауылында да құны 2,1 млрд теңге болатын спорт кешені салынады. Үкімет екі жобаға да Арнаулы мемлекеттік қордан қаражат бөлу туралы шешім қабылдады. Айта кетейік, заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комиссия жұмысын жалғастырып жатыр. Барлық қаражат әлеуметтік пайдалы мақсаттарға одан әрі қайта бөлу үшін арнаулы мемлекеттік қорға жіберіліп отырады.
Хаси Жуасов, Ақмола облысының тұрғыны:
Зеренді ауылында спорт мектебінің құрылысы басталатынын естіп қатты қуандым. Қазіргі ғимарат тым ескі. Су жаңа спорт мектебіне балалар қуана-қуана барады деп ойлаймын.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08