Республика күні қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері марапатталды
Республика күні қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері де марапатталды. Жалпы этномәдени бірлестіктердің 50-ден астам өкілі алғыс хаттарға ие болды. Олар өңірлердегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту саласында көп жыл еңбек еткендер. Шарада бір топ белсенді азамат қоғамдық «Бiрлiк» алтын төсбелгісіне ие болды. Ассамблеяның екі мүшесі Мемлекет басшысының алғысымен, ал елдегі тұрақтылық пен бірлікті сақтап, этносаралық келісімді қамтамасыз етуге абыройлы қызмет еткені үшін Ассамблеяның бес мүшесі «Құрмет» орденімен марапатталды.
Дариға Смайылова, ҚХА «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі СҚО өкілдігінің төрағасы:
Өте толқып тұрмын, қуаныштымын. Бұл тек қана менің ғана марапатым деп санамаймын, өйткені су тасқыны кезінде біз команда болып жұмыс істедік. Оның ішінде СҚО ассамблея жастары, республикалық қоғамдық бірлестіктерің белсенділері бар.
Шавқат Ұмаров, ҚХА мүшесі, мектеп директоры:
Марапаттың өзі үлкен жауапкершілікті жүктейді. Бұл марапат біз үшін берілген аванс деп ойлаймын, өйткені бұдан кейін бұдан да көп жұмыс істеу керек. Сол үшін елімізге, ҚХА-ға, Президентке алғыс айтамын.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08