Анкарадағы террорлық шабуылдан 5 адам қаза тапты
Түркия астанасы Анкара қаласындағы «ТУСАШ» әскери әуе компаниясы ғимаратының алдында болған террорлық шабуылдан қаза тапқандар саны 5 адамға жетті. Ал жараланғандар 22 адам. Олардың екеуінің жағдайы ауыр.
Айдос Әшімұлы, тілші:
Түркияның ең қуатты әскери компанияларының бірі ТУСАШ-қа шабуыл жасағандардың аты жөндері мен қай террорлық ұйымға мүше екендіктері әлі де анықталған жоқ. Қазір арнайы құрылған тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Дегенмен елдің ішкі істер министрі олардың Түркияда тыйым салынған Күрд жұмысшы партиясы террорлық ұйымының мүшелері болу ықтималдығы жоғары екенін айтты.
Әли Йерликая, Түркияның Ішкі істер министрі:
Террористердің саусақ таңбалары мен құжаттары зерттеліп жатыр. Осыларды анықтаған соң олардың қай террорлық ұйымға мүше екендіктері белгілі болады. Дегенмен лаңкестердің әрекетінен және оқиғаның сценариіне қарап, бұл шабуылдың артында кімдер тұрғанын нақты дәлелдер табылған соң сіздерге жеткіземіз.
Айдос Әшімұлы, тілші:
Лаңкестік әрекеттен қайтыс болғандардың кім екендіктері анықталды. Олардың үшеуі ТУСАШ компаниясының қызметкерлері, біреуі компания күзетшісі, ал бір адам лаңкестерді оқиға орнына алып келген такси жүргізушісі. Жараланғандардың көбі арнайы полиция жасағаның сарбаздары. Қазір террорлық оқиғаға қатысты алып-қашпа әңгімелер көбейгендіктен халықты дүрліктірмеу үшін Түркияда бұл лаңкестік әрекет туралы ақпарат құралдарында хабар жариялауға тыйым салынды.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12
Азия ойындарының екінші жарыс күні басталды
21.09.2026, 10:07
Үстел теннисінен Президент кубогы мәресіне жетті
21.09.2026, 10:06
Таразда 42 көше күрделі және орташа жөндеуден өтіп жатыр
21.09.2026, 10:04
Мерцтің партиясы сайлауда жергілікті парламентке өткен жоқ
21.09.2026, 10:03
Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады
21.09.2026, 10:01
Түнгі рейд: Алматыда 500-ден аса жүргізуші жол ережесін бұзған
21.09.2026, 09:59
Қоғам тыныштығын бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды
21.09.2026, 09:58