Көксу ауданына – 80 жыл
Жетісу облысындағы Көксу ауданының құрылғанына биыл 80 жыл. Жетісудың жеті өзенінің бірімен аталатын өңірдің табиғаты тұмса, ал халқы еңбекқор. Аудан халқының 94 пайызы табиғи газбен қамтылған. 42 мың тұрғыны бар ауданда соңғы үш жылда 3 мектеп, 6 емдеу мекемесі салынып, халық игілігіне берілді.
Мерейтой аясында Көксу ауданының арғы бергі тарихын суреттейтін көрме қойылып, кітап жарық көрді. Ауданды басқарған әкімдер мен өңір перзенттері шақырылып, құрмет көрсетілді.
Болат Керімбек, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Аудан тоғыз жолдың торабында орналасқан. Әлеуметтік-экономикалық әлеуеті үлкен. Облыс орталығы Талдықорғанға жақын. Негізгі бұл өлкенің тыныс-тіршілігі Жер Анамен тығыз байланысты. Соның ішінде ауылшаруашылығы, қант қызылшасы жақсы дамыған.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12
Азия ойындарының екінші жарыс күні басталды
21.09.2026, 10:07
Үстел теннисінен Президент кубогы мәресіне жетті
21.09.2026, 10:06
Таразда 42 көше күрделі және орташа жөндеуден өтіп жатыр
21.09.2026, 10:04
Мерцтің партиясы сайлауда жергілікті парламентке өткен жоқ
21.09.2026, 10:03
Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады
21.09.2026, 10:01
Түнгі рейд: Алматыда 500-ден аса жүргізуші жол ережесін бұзған
21.09.2026, 09:59
Қоғам тыныштығын бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды
21.09.2026, 09:58