Орал соты қала әкімінен ақша өндіріп алған
Оралда әкімшілік сот қала әкімінен 590 мың теңге өндіріп алды. Іс бойынша 15 тұрғын «Қала әкімі саяжайдан жер бермеді», - деп екі талап-арызбен сотқа жүгінеді. Сот бірінші істі қарай келе, әкімнің бас тарту туралы шешімі заңсыз екенін анықтайды. Сөйтіп 7 тұрғынның талабы қанағаттандырылады.
Екінші істе тұрғындар жаңа жер телімін емес, өздері алған жерден қосымша учаске сұрайды. Бұл істе екі талапкердің талабы қанағаттандырылды. Алайда жауапкер, яғни Орал қаласының әкімі сот шешімін мерзімінде орындамайды. Сондықтан екі іс бойынша 50 айлық есептік көрсеткіш, яғни 369 мың теңге ақшалай өндіріп алу міндеттелді.
Альбина Әбілкәрімова, судья:
Әкімдік шешімдері заңсыз деп сотқа жүгінді. Бұл жағдай сот отырысында талқыланып, әкімнің шешімі заңсыз деп танылып, талап-арыз қанағаттандырылды. Сол талап-арыз бойынша қалалық әкім шешімді орындаған жоқ. Сондықтан ақшалай өтемақы өндіру міндеттелді..
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12
Азия ойындарының екінші жарыс күні басталды
21.09.2026, 10:07
Үстел теннисінен Президент кубогы мәресіне жетті
21.09.2026, 10:06
Таразда 42 көше күрделі және орташа жөндеуден өтіп жатыр
21.09.2026, 10:04
Мерцтің партиясы сайлауда жергілікті парламентке өткен жоқ
21.09.2026, 10:03
Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады
21.09.2026, 10:01
Түнгі рейд: Алматыда 500-ден аса жүргізуші жол ережесін бұзған
21.09.2026, 09:59
Қоғам тыныштығын бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды
21.09.2026, 09:58