Талғардағы қайғылы оқиғаға қатысты 5 түрлі сараптама тағайындалған
Талғардағы қайғылы оқиғаға қатысты 5 түрлі сараптама тағайындалған. Мұны Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты. Сараптамалардың үшеуі аяқталып, құқық қорғау органдарына берілді. Қалғандары зерттеліп жатыр. Қайғылы оқиға 4 қазанда Талғар ауданында болды. Жаппай төбелес кезінде 16 жастағы Шерзат Болат пышақ жарақатынан қаза тапты. Артынша, марқұмның отбасы тұрып жатқан үй өртеніп кеткен еді. Шерзаттың өліміне қатысты іс бойынша қазір 11 күдікті ұсталды.
Талғат Уәли, ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі:
Қылмыстық істердің құрамына байланысты құқық қорғау органдарының тапсырысы бойынша сараптамала жүргізеді. Жалпы сот медициналық сараптамаларға келетін болсақ 5 түрлі сараптама тағайындалды. Ол жаңағы мәйіттің экспертизасы, сол жердегі шықан өрттің себептерін анықтау бойынша экспертиза, фототехникалық экспертиза, молекулярлық генетикалық эскпертиза, содан кейін биологиялық эскпертиза тағайындалды.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Таразда 42 көше күрделі және орташа жөндеуден өтіп жатыр
21.09.2026, 10:04
Мерцтің партиясы сайлауда жергілікті парламентке өткен жоқ
21.09.2026, 10:03
Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады
21.09.2026, 10:01
Қазақстан мен Италия жаңа бизнес алаңын іске қосты
21.09.2026, 09:57
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06