Ресейде II Каспий цифрлық форумы басталды
Ресейдің Дағыстан республикасында екінші Каспий цирфлық форумы басталды. Шараға Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев бастаған делегация қатысып жатыр. Каспийск қаласынан тікелей эфирге Ресейдегі меншікті тілшіміз Индира Бегайдар шықты.
Индира Бегайдар, тілші:
Каспий цифрлық форумында аты айтып тұрғандай Каспий маңы елдерінде цифрландыру саласын дамыту жағы талқыланып, ортақ жобаларды жүзеге асыру, тағы басқа мәселелер де қаралмақ. 500-ден астам делегат қатысуға өтініш білдірген. Қазақстандық делегациядан бөлек, Дағыстан республикасының басшысы, Ресейдің Цифрлық даму, коммуникациялар және ақпарат министрі, Иран мемлекетінің өкілдері бар. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев Қазақстанның бұл салада жеткен жетістіктерін айтып, еліміздің тәжірибесімен бөлісті. Әсіресе еліміздің электронды үкіметті дамыту бойынша жұмысы көптің қызығушылығын тудырды. Жалпы еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында, БҰҰ елдерінің ішінде де цифрландыру бойынша оқ бойы озып тұр. Форум аясында Дағыстан республикасының басшысы Сергей Меликовпен ынтымақтастықты бекіту бойынша екіжақты кездесу өтті. Форум ертеңге дейін жалғасады.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Араға 70 жыл салып қазақстан жеріне амур жолбарысы жіберілді
03.08.2026, 20:30
Ойындардың трансляциясы 85 млн қаралым жинаған
03.08.2026, 20:29
«Creative Aimaq» жобасы: Абай мұрасынан - заманауи креативке
03.08.2026, 20:25
Құрылтай сайлауы жақындаған сайын партиялардың үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
03.08.2026, 20:17
Бір палаталы Құрылтайға көшу - заң шығару үдерісін бірізді етеді
03.08.2026, 20:15
Байқаушы: Құрылтай сайлауы - тарихи оқиға
03.08.2026, 20:14
Құрылтай сайлауы: 10400-ден астам учаскелік сайлау комиссиясы дайындықты бастады
03.08.2026, 20:12
Жасанды интеллект бойынша жас зияткерлер жарысы
03.08.2026, 20:02