Семейде заманауи ангиограф бөлімі ашылды
Семейде заманауи ангиограф бөлімі ашылды. Онда енді жүрек-қан тамырлары ауруларына күрделі операциялар жасалады. Қазақстанда жүрек аурулары мен одан болатын өлім-жітім тым көп. Елімізде 2 миллионға жуық науқас артериалдық гипертониямен тіркеуде тұр. Семейдегі ангиограф бөлім жұмысымен Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары танысты. Өңірге арнайы сапармен келген сенаторлар бірқатар медициналық нысандарды аралап, материалдық-техникалық әлеуетін көрді. Оқытушы құрам мен студенттермен кездесті. «Денсаулық сақтау жүйесін кадрлық қамтамасыз етудің мәселелері» тақырыбындағы көшпелі отырыста маман даярлауға қатысты түйткілдерді талқылады.
Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Негізгі мақсат-медицина кадрларының біліктілігін арттыруға қатысты. Түлектердің даярлығына көп нәрсе байланысты. Яғни, олардың білікті маман болып жұмысқа орналасуы. Баспана мәселесін шешу. Құқықтық нормативтік актілерге егер қажет болған жағдайда толықтырулар мен түзетулер енгізу мәселесін де қарастыратын боламыз. Көптеген жақсы ұсыныстар айтылып жатыр.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседіі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00