Еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов елге оралды
Еркін күрестен әлем чемпионы атанған жерлесіміз Нұрқожа Қайпанов бүгін елге оралды. Отандасымыз Албания астанасы Тиранада олимпиадалық емес салмақтарда өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын жүлдені еншілеген.
Спортшыны Алматы әуежайынан жақындары мен спорт сүйер қауым ерекше қошеметпен күтіп алды. Нұрқожа Қайпанов 70 келідегі финалдық бәсекеде жапон балуанынан басым түсті. Осылайша, 26 жастағы жерлесіміз - ел тарихында әлем чемпионы атанған екінші балуан. Отандасымыз іріктеу кезеңдерінде Израиль, Молдова, Грузия, Тәжікстан балуандарын уақытынан бұрын ұтты. Қайпанов бұған дейін 2019 жылы Астанада өткен әлем чемпионатының финалында бақ сынап, күміс жүлде иеленген еді.
Нұрқожа Қайпанов, еркін күрестен әлем чемпионы:
Ағайларыма көп рақмет! Солардың аоқасында тактиканы жұрыстап, жеңіске жеттім. 74-ке олимпиадалық салмақта әлем чемпионы атану мақсат. Одан кейін Олимпиадаға дайындық жасауға тырысамыз.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08