Жамбыл облысында 24 қоқыс полигоны заңсыз жұмыс істеген
Жамбыл облысында қалдық сұрыптап, қаржы тапқан 24 полигон тиісті құжатсыз жұмыс істеп келген. Экологиялық заңнаманы бұзған кәсіпкерлер, жергілікті әкімдіктен рұқсат алмай жұмыс істеген. Сондай-ақ тағы 100 полигон жыл сайын тапсыруға тиісті қалдық есебін көрсетпеген. Бұған әкімдік те көз жұмып қарап, қажетті құжаттарды талап етпегені белгілі болды. Табиғатты қорғау прокуратурасы, әрқайсына 300 мың теңгеден астам айыппұл салды. Бүгінде облыс бойынша қоқыс тастайтын арнайы 163 орын бар. Бірақ барлығында бірдей сұрыптау, есепке алу секілді экологиялық талаптар сақталмай отыр. Тіпті қоқыстан құтылу үшін қалдықтарды жағып жіберетіндер де бар.
Еркін Әлмаханов, табиғатты қорғау прокуратурасының аға прокуроры:
9 тұлға жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде аудан әкімдерінің орынбасарлары мен ауылдық округ әкімдері бар. Экология департаментінің басшылары тәртіптік жауапқа тартылды. «Жасыл Тараз» ЖШС қызметкерлері арнайы полигонда тәркіленген электронды темекілерді сол жерде жойып өртеген. Бұл дерек бойынша қазіргі таңда әкімшілік жауапқа тартылды.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00