Түркияда блогерлер мен әншілер тұтқындалды
Түркияда заңсыз ақша айналымына қатысы бар деген күдікпен 23 блогер мен әншіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олардың 16-сы қамауға алынды. Тағы 2 адамға іздеу жарияланған. Іс қозғалған адамдардың арасында бұрынғы футболшылар, журналистер мен актерлер де бар. Оларға онлайн казинолар мен заңсыз ұтыс ойындарын өткізетін сайттарға жарнама жасау арқылы ақша тапқан деген айып тағылып отыр. Стамбұл қалалық соты қамауға алынғандардың сегізінің әлеуметтік желідегі жеке парақшаларын бұғаттау туралы шешім шығарды. Дәл осы баппен айыпталған тағы бес адам шетелге шығып үлгергені белгілі болды.
Сердар Ортач, әнші:
Тергеу аяқталғанша сот шешімімен үй қамақта отыратын болдым. Қатты өкінемін. Қоғамға зиянды дүниелерді насихаттағаным үшін мені құдай кешірсін. Құмар ойындары маған әрдайым тек зиянын тигізіп келеді. Ақшамды, үйімді, денсаулығымды алды, ең соңында тіпті сотталуға дейін әкелді.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Араға 70 жыл салып қазақстан жеріне амур жолбарысы жіберілді
03.08.2026, 20:30
Ойындардың трансляциясы 85 млн қаралым жинаған
03.08.2026, 20:29
«Creative Aimaq» жобасы: Абай мұрасынан - заманауи креативке
03.08.2026, 20:25
Құрылтай сайлауы жақындаған сайын партиялардың үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
03.08.2026, 20:17
Бір палаталы Құрылтайға көшу - заң шығару үдерісін бірізді етеді
03.08.2026, 20:15
Байқаушы: Құрылтай сайлауы - тарихи оқиға
03.08.2026, 20:14
Құрылтай сайлауы: 10400-ден астам учаскелік сайлау комиссиясы дайындықты бастады
03.08.2026, 20:12
Жасанды интеллект бойынша жас зияткерлер жарысы
03.08.2026, 20:02