Қостанай облысында жол ережесін 40 рет бұзған жүргізуші ұсталды
Қостанайда жыл басынан бері жол ережесін 40 рет бұзып, 720 мың теңге айыппұл арқалаған жүргізуші ұсталды. Жалпыға ортақ тәртіпті елемейтін 29 жастағы азамат қала көшелерінде сағатына 60 шақырымның орнына 80-100 шақырым жылдамдықпен айдаған.
Тойота Альфард көлігін тізгіндеген ол жылдамдықты белгілі шектен 28 рет асырыпты. Мұның сыртында рульде отырып телефонмен сөйлескен, жолаушы тасымалы ережесін сақтамаған, уақытында көлігін техникалық тексеруден де өткізбеген. Ережені ескермей оңды- солды ойқастаған жүргізушіні полиция арнайы рейд кезінде ұстап, көлігін айып тұрағына қойды.
Дәренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27