Өзбекстан үкіметі отставкаға кетті
Бүгін Өзбекстан үкіметі отставкаға кетті. Елдің премьер-министрі Абдулла Арипов тиісті қаулыға қол қойды. Жаңа құрам бекітілгенге дейін қазіргі министрлер кабинеті жұмысын жалғастыра бермек. Алдағы уақытта Өзбекстан президенті саяси партиялардың фракцияларымен кеңесе отырып, заң шығару палатасына премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады. Бауырлас елде қазан айының соңында Парламент сайлауы өткен еді. Жаңадан сайланған Олий Мажлис Сенатының алғашқы жиынында президент Шавкат Мирзиёев заң шығару палатасы сапалы құрамда жасақталғанын айтты.
Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан Респубикасының Президенті:
Бұған дейін әкімдер атқарып келген 30-дан астам өкілеттілік биылдан бастап жергілікті кеңестерге берілді. Оларға әр жарты жыл сайын баспасөз арқылы ел алдында есеп беріп отыру міндетін жүктедік. Жаңа механизмдер енгізіліп, құқықтық бақылау күшейтілді. Басқару саласындағы осындай оң өзгерістерді халқымыз жылдар бойы күткен еді.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект бойынша жас зияткерлер жарысы
03.08.2026, 20:02
Өңірлерде жаңа инфрақұрылымдық,көлік және әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді
03.08.2026, 19:49
«Бейнеу – Сексеуіл» жолы аймақтың транзиттік әлеуетін арттырады
03.08.2026, 19:45
«Каспий-Арал» автомагистралінің құрылысы басталды
03.08.2026, 19:42
Президент автожол құрылысын 2029 жылға дейін аяқтауды тапсырды
03.08.2026, 19:39
«Болашақ ойындары - 2026»: Dota 2 бойынша жарыс өтіп жатыр
03.08.2026, 17:15
Аулаларда заңсыз орнатылған кедергілерді алып тастау бойынша рейд өтті
03.08.2026, 17:14
Алматы облысында жасөспірімдер қауіпсіздігі күшейтілді
03.08.2026, 17:11