Маңғыстауда 400 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
Маңғыстауда соңғы үш жылда 400 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды.
Кезінде ауыл шаруашылығы мақсатында жеке тұлғаларға беріліп, сол күйі игерілмеген жерлерді кері қайтару акциясы биыл да жалғасты. Жыл басынан бері жалпы көлемі 101 гектардан асатын 51 учаске анықталып, мемлекет меншігіне өткізілген. Қайтарылған жерлер алдағы уақытта төрт түлік бағып, өнім өндіретін тұрғындарға беріледі. Ол үшін жер басқармасына бизнес-жоспармен келу қажет.
Киікбай Ешманов, «Amanat» партиясы облыстық филиалының «Жер аманаты» комиссиясының төрағасы:
Біз қаланың айналасындағы, қаланың ішіндегі қолданылмай жатқан, босқа жатқан жерлерді қайтарумен жұмыстануға құжат жинақтап жатырмыз. Бір қызығы бүгінге дейін 15 жыл, 20 жылдың үстінде белгілі бір тұлғалардың атына тіркелген жерлерді әлі күнге дейін қайтаратын ойы да жоқ. Не құрылыс салмайды. Сол себепті біз оны мемлекет меншігіне, яғни соны қайтарумен алдағы уақытта айналысатын боламыз.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00